23 сәу, 2021 сағат 13:08

Атырауда автобус аударылып, 8 адам зардап шекті (Видео)

Атырауда екі көлік апатынан 8 адам зардап шекті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әлеуметтік желіде Жылыой ауданындағы «Теңіз-Құлсары» жолында «ПАЗ» автобусы пен «КамАЗ» көлігінің соқтығысқаны туралы видео тарады. Алдын ала мәліметке сәйкес, «КамАЗ» көлігі қарсы жолаққа шыққан. Ал, 11 жолаушысы бар автобус аударылған. 

«Жол-көлік апатынан 8 адам зардап шекті. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Автобустың жүргізушісі ауруханада жатыр. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 1-бөлігімен тергеу жүргізілуде», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.