Маңғыстау өңірінде қоқиқаздар мен аққуларды видеоға түсіріп танымал болған Ақтау қаласының тұрғыны Азамат Сәрсенбаев бұл жолы Қызыл кітапқа енген Үстірт уриалдары таспаланған бейнематериалымен бөлісті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Маңғыстау облысында Қызыл кітапқа енген Үстірт уриалдарын бірнеше аптаға созылған үздіксіз іздеу нәтижесі сәтті аяқталды. Осынау таңқаларлық тіршілік иесін іздеп табуға көмектескен достарыма үлкен ризашылығымды білдіремін. Тік жартастардан емін-еркін жөңкіген осынау аңдарды сырттай бақылау шексіз ләззатқа бөлейді. Жас төлдері санының көп екендігі де қуатады. Демек, бәрі жөнімен деген сөз», - деп жазды Азамат Сәрсенбаев Facebook парақшасында.
Үстірт уриалы Қазақстанның қызыл кітабына енген. Олардың жойылып кету қаупі бар. Бұл жануардың мекендейтін жерінде адамдар да көп жүреді. Бірақ, соңғы жылдары олардың саны артып жатыр. Уриалдар теңіз деңгейінен 6000 метр биік орналасқан тау бөктерінде мекендейді. Кейде, құрғақ, орман және ауыл шаруашылығы орналасқан нысандардың қасында өмір сүреді. Олар көбінесе Қазақстанның оңтүстік-батысында, Өзбекстанда, Түрікменстанда, Тәжікстанда, Ауғанстанда, Пәкістанда, Иран және Үндістан сияқты елдерде кездеседі.