Фото: instagram.com/ecomuseum.kz
Экобелсенді Дмитрий Калмыков "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы өкілдерінің отырысында құлағына неге кеспе іліп алғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.
Экологтың айтуынша, перформансқа "АрселорМиттал Теміртау" өкілдерінің ақпараты себеп болған, оның айтуынша, компания шаң шығарындыларды 20 пайызға дерлік азайтқан. Ол ақпараттың шындыққа жанаспайтынына сенімді.
"Біз мұны тыңдап келе жатқанымызға үш онжылдық болды, ал шығарындылар нақты азайған жоқ. Олардың зиян шығарындылары азайғанын көздер де, мұрын да, есептер де растамайды. Кенет олар шаң шығарындыларын 20 пайызға азайттық деп мәлімдепті. Бұл ретте қазанда олар көп мөлшерде шығарындылар үшін мемлекеттен рұқсат сұраған. Мұндай әңгімелерге біздің көзқарасымыз біржақты. Мұның бәрі шындыққа жанаспайтын, сенімсіз ақпарат, және "Арселор" жұртшылықты алдап келеді. Ал біз мұндай әңгімелерге өз көзқарасымызды көрсетіп, арселорлық кеспені құлағымызға іліп қойдық", - деді Дмитрий Калмыков.
Экологтың айтуынша, кәсіпорын басшылығы халықпен байланыс жасап, зауытқа кіруге мүмкіндік беруі қажет.
Фото: instagram.com/ecomuseum.kz
Еске салайық, бұған дейін "АрселорМиттал Теміртау" өкілдерінің кезекті есеп беру кездесуінде қарағандылық экобелсенді Дмитрий Калмыков ерекше перформанс жасағаны хабарланған болатын. Эколог құлағына кеспе іліп, компаниядан халықты алдауды тоқтатуды талап еткен.