Алматы маңында орналасқан «Aport Mall» сауда орталығынан адамдар эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бүгін электронды пошта арқылы «Aport Mall» сауда ойын-сауық орталығына жарлғыш зат қойылды» деген хабарлама келді. Барлық жедел қызметтер сол жерде. Осыған байланысты біз сауда орталығының барлық келушісінен төтенше жағдайлар қызметіне орталықты тексеруге кедергі келтірмеуін және дүрбелең туғызбауын сұраймыз», - деп хабарлады Алматы облысы Қарасай ауданының әкімдігі.
Сондай-ақ, Алматы полициясы әл-Фараби даңғылындағы «VILLA Boutiques & Restaurants кешеніне бомба қойылғандығы» туралы хабарламаны тексеріп жатыр.
Бұған дейін, әлеуметтік желіде Алматыдағы «Март» сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде «бомба қойылды» деген ақпарат тараған болатын. Кейін тексеру аяқталғаны белгілі болды, нысанда жарылғыш зат табылған жоқ.