23 шіл, 2022 сағат 14:15

Шекарадан 35 келі есірткімен өтпек болғандар ұсталды


ҰҚК есірткінің ірі партиясын ұстады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"22 шілдеде ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы "Жібек Жолы" өткізу пунктінде инспекциялық-тексеру кешенін және қызметтік-іздеу итін қолдану арқылы көлік құралын тексеру барысында жасырылған жерден 35 келіге жуық есірткі заттарын тауып, тәркіледі (болжам бойынша "героин")" - делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.