05 нау, 2023 сағат 10:45

Шавкат Рахмонов UFC-де бесінші рет жеңіске жетті - видео

Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC промоушенінің Лас-Вегаста өткен турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Рахмонов америкалық Джефф Нилді үшінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңді.

Осылайша отандасымыз кәсіпқой мансабындағы он жетінші, ал UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізді. Ол әлі күнге дейін бірде-бір рет жеңілген жоқ.

Джефф Нил болса, өз мансабында қарсыластарына бесінші мәрте есе жіберіп отыр.

Жекпе-жектен кейін Рахмонов барша қазақстандыққа және елімізде спортты дамытып жатқандарға алғыс айтты.