Фото: olympic.kz
2026 жылғы 5–8 мамыр аралығында Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасының жүзуден жазғы чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Чемпионатқа еліміздің 17 өңірінен құрамалар қатысуда. Жалпы қатысушылар саны – 372 спортшы, оның ішінде 229 ер адам және 143 әйел бар.
Аталған жарыс World Aquatics халықаралық күнтізбесіне енгізілген. Чемпионат рейтингтік әрі іріктеу жарысы: ол 2026 жылдың желтоқсанында Қытайда өтетін қысқа судағы (25 м) әлем чемпионатына, сондай-ақ биыл күзде Сенегалда өтетін Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына жолдама беретін іріктеу кезеңі.
Осыған байланысты чемпионат шетелдік спортшылардың да қызығушылығын тудыруда. Жарысқа Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан командалары қатысуда.
Алғашқы жарыс күні қорытындысы бойынша Қазақстанның екі жаңа рекорды тіркелді. Ақтөбе облысының өкілі Глеб Коваленя 50 метрге еркін стильде 22.06 нәтиже көрсетіп, ел рекордын жаңартты. Қарағанды облысынан Ксения Игнатова 200 метрге кешенді жүзуде 2:17.40 нәтижемен жаңа рекорд орнатты.
Алғашқы күннің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Әйелдер, 200 м еркін стиль
ДЮ, Даниэла – 2:05.78 – АЛА
Федотова Мария – 2:08.60 – ЖТО
Миленина Ева – 2:09.72 – АЛА
Ерлер, 200 м еркін стиль
Черепанов Данил – 1:51.68 – ШМК
Клименко Максим – 1:52.29 – АЛА
Балабек Ғалымжан – 1:52.84 – ТКО
Әйелдер, 100 м шалқалап жүзу
Игнатова Ксения – 1:01.51 – ҚГО
Марасанова Дарья – 1:04.80 – ТКО
Гладких Виктория – 1:05.55 – АЛА
Ерлер, 100 м шалқалап жүзу
Разиев Мансур – 58.66 – АЛА
Любимов Кирилл – 58.85 – АСТ
Алпысбай Абдурахман – 59.25 – АҚО
Әйелдер, 100 м баттерфляй
Сподаренко Софья – 1:01.77 – ТКО
Туребаева Айжан – 1:03.24 – АСТ
ДЮ, Даниэла – 1:03.63 – АЛА
Ерлер, 100 м баттерфляй
Мусин Әділбек – 52.81 – АСТ
Шевченко Артем – 53.58 – ШМК
Хисамиев Раид – 55.31 – АҚО
Әйелдер, 200 м кешенді жүзу
Игнатова Ксения – 2:17.40 – ҚГО
Ермакова Анастасия – 2:25.67 – АЛА
Тоқтобаева Дария – 2:27.64 – ТКО
Ерлер, 200 м кешенді жүзу
Чужинов Даниил – 2:07.91 – АЛА
Айткалиев Мансур – 2:10.09 – ШҚО
Нұрумбаев Арсен – 2:11.87 – АСТ
Әйелдер, 50 м брасс
Пупко Анна – 33.27 – АЛА
Устьянцева Тамара – 33.46 – ШҚО
Блеко Алиса – 33.87 – АБО
Ерлер, 50 м брасс
Мырзамұратов Айбат – 27.80 – АҚО
Корольков Константин – 28.54 – АҚО
Руденко Анатолий – 28.68 – ШҚО
Әйелдер, 4×100 м еркін стиль эстафетасы
АЛА 1 – 3:57.96
ТКО 1 – 4:01.00
ЖТО 1 – 4:01.27
Ерлер, 4×100 м еркін стиль эстафетасы
АҚО 1 – 3:26.65
ШМК 1 – 3:26.74
СҚО 1 – 3:27.34
Qazaq Aquatics федерациясы чемпионатты қолдағаны үшін бас серіктес – Самұрық-Қазына АҚ-ға, сондай-ақ серіктестер – SportQory, Казцинк, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті және Kcell (Activ 5G) компанияларына алғыс білдіреді.
