Фото: Алматы әкімдігі
Қазақстан құрамасы бразилиялық Фос-ду-Игуасу қаласында өткен бокстан Әлем кубогының алғашқы кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, 7 медаль (3 алтын, 1 күміс және 3 қола) жеңіп алды, деп хабарлайды Ult.kz.
Алтын медаль:
- Сұлтанбек Айбаров (85 кг)
- Виктория Графеева (60 кг)
- Валерия Аксенова (+80 кг)
Күміс медаль:
- Аида Әбікеева (65 кг)
Қола медаль:
- Алуа Балқыбекова (51 кг)
- Жібек Жарасқызы (80 кг)
- Диас Молжігітов (80 кг)
Әлем кубогының келесі кезеңі маусым айында Қытайда өтеді, ал финалдық бәсекелер Ташкентте ұйымдастырылады.
