Фото: ТСМ
Алматылық гимнаст Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өткен спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Ult.kz.
Турник жаттығуында спортшы 14,933 ұпай жинап, жоғары шеберлік пен тұрақтылық танытып, күміс медаль иеленді.
Алтын жүлде Тайбэй спортшысы Тан Цзяхунға (15,233 ұпай) бұйырса, колумбиялық Анхель Барахасқа қола медаль (14,833 ұпай) алды.
Бұған дейін осы кезеңде басқа да алматылық спортшылар жүлдегер атанған болатын:
- — Зейнолла Ыдырысов — ат снарядындағы жаттығуда күміс,
- — Нариман Құрбанов — қола медаль.
