Фото: Бейнежазбадан
Қызылорда қаласында Отырар көшесі бойындағы екі қабатты балабақша ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды Ult.kz.
Бүгін Отырар көшесі 3А мекенжайында орналасқан «Ақбілек» балабақшасының жертөлесіндегі бөлмеден (ауданы 28 ш.м.) өрт тұтанған. Жалпы ғимараттың аумағы 244 шаршы метрді құрайды.
Оқиға кезінде ғимараттан 93 адам, оның ішінде 85 бала өздігінен эвакуацияланған. Төтенше жағдайлар қызметі қосымша 5 адамды, соның ішінде 3 баланы құтқарды. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт сағат 12:04-те оқшауланып, 12:11-де толық сөндірілді. Оқиға орнына ТЖД-ның 35 қызметкері мен 12 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
