«Семей орманы» табиғи резерватындағы қарағайлы орман өртін сөндіру жұмыстары үш учаскеде жүріп жатыр. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Комитет мәліметінше, қазіргі уақытта орман алқабының 3 учаскесінде және жазық далалық жерде өрт сөндіріліп жатыр. Оған облыстық ТДЖ, «Семей орманы», «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваттарының күштері мен құралдары, жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмылдырылған. Жалпы 300-ден астам адам мен 85-тен астам техника өртпен жұмылдырылған.
«Су төгетін арнайы құрылғысы бар МИ-8 тікұшағымен өрт әуеден сөндіріліп жатса, МИ-2 тікұшағының көмегімен жағдайды бағалау үшін әуеден қарау және өртті сөндіруге қатысты одан арғы шешімдер қабылжау жүзеге асырылып жатыр. Өрт шарпыған болжамды аумақ шамамен 2 мың гектарды құрайды. МИ-26Т ұшағы жанармай құю үшін Семей қаласына аялдады. Семейден өрт орнына дейін шамамен 30 минутта ұшып жетеді», - деді ведомстводан.