Қазақстан Президенті «Азия-Еуропа» форумының ХІІ саммитінде кездесулер өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саммит барысында Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен және Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инмен кездесті.
Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті проблемаларды, соның ішінде Корей түбегіндегі жағдайды реттеу мәселелерін талқылады.