Нұр-Сұлтанда үй ауласындағы көлікті айдап кеткендер видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала тұрғыны полицияға хабарласып, Гете көшесіндегі үй ауласынан белгісіз біреулер "Мазда" маркалы автокөлігін айдап әкеткенін айтқан. Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы камераларды қарау кезінде бұл көлікті Бөгенбай батыр - Желтоқсан көшелерінің қиылысынан байқаған. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 38 жастағы күдіктіні ізін суытпай ұстаған.