19 мам, 2026 сағат 14:22

Петропавлда 9 жасар ерекше күтімді қажет ететін қыз терезеден құлап кетті

Фото: ашық дереккөз

Петропавл қаласында 9 жасар қыз екінші қабаттағы балконнан құлап кеткен. Бала жедел түрде облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Ult.kz.

Оқиға 16 мамыр күні түскі сағат 12:00 шамасында болған. Қыз бала аутизм диагнозымен психиатрдың диспансерлік бақылауында болғаны белгілі.

Мамандардың мәліметінше, құлау сәтінде бала есінен танып қалмаған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы оны анасының сүйемелдеуімен ауруханаға жеткізген.

Қыз бала шұғыл түрде травматология бөліміне жатқызылып, толық тексеруден өткен. Қазіргі жағдайы тұрақты, орташа ауыр деп бағалануда. Дәрігерлердің бақылауында оның жағдайы нашарламаған.

Науқасқа консервативті ем жүргізіліп жатыр, сондай-ақ арнайы ортопедиялық-қорғаныш режимі тағайындалған.