Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ангела Меркельге Германия Федеративтік Республикасының Канцлері лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Германия Федеративтік Республикасының Канцлері лауазымына қайта сайланған Ангела Меркельді құттықтады.
«Өткен парламенттік сайлаудағы жеңісіңіз - Германия азаматтарының Сізге, сондай-ақ Германия Федеративтік Республикасының Еуропадағы және әлемдегі орнын нығайтуға, еліңіздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға бағытталған саясатыңызға деген сенімінің дәлелі.
Сіздің басшылығыңызбен Германияның жаңа Федералдық үкіметі Қазақстан мен Германия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыта түседі деп сенемін.
Сізге осы жауапты қызметте табыс тілеймін, сондай-ақ барша Германия халқының өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдіремін», - делінген жеделхатта.