Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ұялы байланыс жұмысында үзіліс болу мүмкіндігін ескертеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоға сілтеме жасап.
«ҚР АКМ «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК операторлық ететін абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының серверін жөндеу жұмыстарының өткізілуіне байланысты, ағымдағы жылдың 6-9 сәуірі аралығында абоненттік нөмірлерді ұялы байланыс желісіне (MNP) өткізу қызметтерін көрсетуде үзілістер болуы мүмкін», - делінген хабарламада.