16 нау, 2018 сағат 10:38

"Миллиондаған сириялық Астанаға үмітпен қарап отыр" - Лавров

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сирия мәселесі бойынша астаналық процестің кепіл мемлекеттердің министрлері кездесуінде Астананың Сириядағы жағдайды реттеуде өзіндік рөл атқарып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Астаналық процестің жұмыс істеуінен бастап қонақжайлылығы мен қолдауы үшін алғыс білдіргім келеді. Осы уақыттың ішінде Астана Сириядағы жағдайды реттеуде өзіндік рөл атқарып келеді. (...) Астана процесі басталғалы Сириядағы жағдайы ретке келтіруде Астана үлкен әрі маңызды алаңға айналды. БАҚ беттерінде Қазақстан астанасының аты аталғанда миллиондаған сириялық Астанаға үмітпен қарайды", - деді Лавров. 

Айта кетейік, Астанадағы министрлер кездесуі бақылаушыларсыз және сириляық тарапсыз өтіп жатыр. Келіссөздер барысында Сириядағы жағдайды реттеуге жиналған қатысушылар бір жыл ішінде атқарылған шараларды және алдағы жоспарларды талқылайды.