10 мау, 2022 сағат 11:09

Лифтіде дәрет сындырған астаналық қамауға алынды


Желіде лифтіде дәрет сындырған қыздың видеосы тараған еді. Полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзған адамды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Қабанбай батыр даңғылындағы тұрғын үйлердің бірінің лифтісіне қыз бен жігіт кіргені көрінетін видео анықталған. Жігіт өзінің қызымен бірге "Комфорт Де Люкс" ТК тұрғындарына "испан чизкейгін" жеткізген. Лифтіде қалған 22 жастағы қыз дәрет сындырған.

Есіл аудандық ПБ қызметкерлері елорда тұрғынына қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік іс қозғады. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімі бойынша қоғамдық тәртіпті бұзған қыз 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.