10 ақп, 2023 сағат 13:23

Қырғызстанда жер сілкінісі болды

Фото: wikimedia

Қырғызстанда магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СТӘЭ" мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі сілтеме жасап.

Ұйым мәліметінше, жер асты дүмпулері 10 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 11:24-те тіркелген.

"Жер сілкінісінің ошағы - Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан", - делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,9 болды. MPV магнитудасы - 4,5. Тереңдігі - 10 шақырым.