30 нау, 2023 сағат 10:35

ҚТЖ және полиция қызметкерінен құралған қылмыстық топ ұсталды

© Pixabay / 652234

Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Көліктегі департаменттің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы 2 жыл бойы темір жолдардың жағдайын жақсартуға арналған материалдарды ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты әшкереледі, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Тергеу пікірінше, ұрланған төсемдер, шпалдар, рельстер және басқа да тауарлар жарамсыз немесе белгілі бір ақаулары бар жол төсемінің жоғарғы құрылымының бөліктерімен ауыстырылды деп жалған мәліметпен есептен шығарылған.

"Қылмыстық топқа "ҚТЖ "ҰК" АҚ Қарағанды бөлімшесінің қазіргі және бұрынғы 17 жұмысшысы тартылған. Оларға полиция қызметкері қамқорлық жасаған.

Алдын ала есептелген шығын 127 миллион теңгеден аса сомаға бағаланды, бұл - 800 тоннаға жуық материалдар", - делінген хабарламада.

Бүгінде ұрланған тауарлардың көпшілігін сатып алушылар мен олардың орналасқан жерлері, сондай-ақ тасымалдайтын жүк көліктері анықталған.

"Соттың санкциясы бойынша, Жаңаарқа жол дистанциясының учаске бастығы және оның орынбасары, сондай-ақ желілік полиция бөлімшесінің бастығы тергеу изоляторына қамалды.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды", - делінген хабарламада.