28 қыр, 2018 сағат 09:41

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Гаухар Бисарина ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Баспасөз қызметінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" министрлікке сілтеме жасап.

Гаухар Манатқызы Бисарина 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2007 жылы С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «дәрігер-эпидемиолог» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Еңбек жолын 2007 жылы Алматы облысының Көксу аудандық ауруханасында дәрігер эпидемиолог ретінде бастаған. Денсаулық сақтау жүйесінде 10 жылдан астам жұмыс істейді. Түрлі жылдары Алматы облыстық мемелекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында, ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау комитетінде және соңғы 5 жылда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінде жұмыс атқарған.