01 сәу, 2023 сағат 13:06

Колонияда интернет-алаяқтықпен айналысқан адам анықталды

Фото: Романа ЕГОРОВ / "Время" газеті

Алматы облысының прокуратурасы сотталған адам №12 түзеу мекемесінде жазасын өтеу кезінде интернет-алаяқтықпен айналысқандығын анықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокуратура мәліметінше, ол 2020 жылдың маусымынан 2023 жылдың қаңтарына дейін түзеу мекемесі жағдайында ұялы телефондар мен ұялы операторлардың түрлі сим-карталарын пайдалану арқылы 25 млн. теңгеден астам сомаға 200-ге жуық алаяқтық іс-қимыл жасағаны анықталған.

"Бұл дерек 2023 жылғы 2 наурызда ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағында ("Алаяқтық") көзделген құқықбұзушылық бойынша мамандандырылған прокуратурада тіркеліп, Қонаев полиция басқармасының тергеу бөлімшесіне берілді", - делінген хабарламада.

Тергеу барысында сотталған адамнан екі ұялы телефон және 41 SIM-карта тәркіленген.