Көкшетауда түнде жаппай төбелескен жастар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, төбелес маусымның 5-де түнгі сағат 05:20 шамасында облыс орталығындағы ойын-сауық мекемесінің маңында болған.
Ол Көкшетау қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
«Жаппай төбелес туралы мәлімет дереу бүкіл автопатрульдер мен полицияға жолданды. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары 34, 29, 26 және 25 жас аралығындағы алты ер адамды ұстады», - деді ведомстводан.
Анықталғандай, жастар өзара сөзге келіп, кейін жанжал жаппай төбелеске ұласқан.
Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.