07 сәу, 2018 сағат 22:35

Кенияда жер қақ айырылды (Видео)

Кенияда жер қақ жарылып, бірнеше шақырымға созылған ор пайда болды, деп хабарлады "Хабар 24".

Бұл өңірде жер қыртысының екі тектоникалық плитасының түйісетіні белгілі. Соңғы кездері аумақта жерасты жанартауларының дүмпулері де жиілеген. Жер қыртысындағы қауіпті сызық жергілікті халық көп қатынайтын жолды кесіп өтті.

Ғалымдардың айтуынша, бұл жарық Африка құрлығын екіге бөліп тастауы мүмкін. Алайда мұндай жағдай тек 50 миллион жылдан кейін ғана болады. Мұның бәрі әзірге жорамал ғана. Мамандардың кейбірі жердің айырылуын қатты жауынның әсері деп болжады.