01 сәу, 2018 сағат 11:33

Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеев қызметінен кетті

Аман Төлеев мерзімінен бұрын өз еркімен Кемерово облысы губернаторы қызметінен кетеді, деп хабарлайды РИА Новости өңірдің администрациясына сілтеме жасап.

"Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеев РФ президенті Владимир Путинге өз еркімен отставкаға кету туралы өтініш жазды", — деп хабарлайды облыс администрациясы баспасөз қызметі. Сонымен қатар, оның өтінішін Ресей Федерациясы басшысы Владимир Путин қабылдап үлгерген.

Аман Төлеевтің жасы 73-те, 1997 жылдан бері Кемерово облысының губернаторы қызметін атқарып келеді. Ол бұл лауазымға төрт рет сайланған. Кезекті қызметтік мерзімі 2020 жылы аяқталуы тиіс болатын.

Еске сала кетейік, 2018 жылы 25 наурызда Кемеровадағы "Зимняя вишня" сауда орталығында өрт болып, 64 адам қаза тапты, олардың арасында 41 бала бар. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Қазіргі таңда зардап шеккендердің саны 79 адамға жеткен.