Фото: Polisia.kz
Ұлттық компанияның металл тұрбаларын ірі мөлшерде ұрлаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"21 сәуірде Атырау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратура органдарының үйлестіруі бойынша Индер-Махамбет магистральды газ құбырларын заңсыз шығару арқылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ұлттық компаниясының қорына ірі мөлшерде залал келтірумен байланысты қылмыстық істерді тергеу аясында 1978, 1984, 1988 жылы туған күдіктілерді анықтап, ұстады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігімен, яғни бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды" - делінген хабарламада.
Басқа мәліметтер тергеудің құпиялығын қамтамасыз ету мақсатында Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.