Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Алдағы үш тәулікте антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады және температура көтеріледі", — деп хабарлайды синоптиктер.
5 сәуірде солтүстік және шығыс облыстарда күндіз плюс 5…13, оңтүстікте ауа температурасы 20…28 градусқа дейін жылынады.
4-5 сәуірде батыста кей жерлерде жаңбыр, найзағай ойнап, температура аздап төмендейді.