Фото: ҰҚК Шекара қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қысқа хабарлама таратуға арналған құрылғы мен 600-ден аса sim-картаны заңсыз жолмен алып өтпек болған ресей азаматын ұстады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, күдікті 17 наурызда Ақтөбе облысының "Әлімбет" автокөлік өткізу пунктінде ұсталған.
"Ресей азаматы тізгіндеген «Ауди» автокөлігін тексеру кезінде қысқа хабарламаларды жалпылап таратуға, қабылдауға және белсендіруге арналған бағдарламалық-ақпараттық «Sim-box» кешені және 600-ден аса түрлі қазақстандық мобилді байланыс операторларының sim-карталары табылды" - делінген хабарламада.