04 нау, 2023 сағат 16:55

Қазақстандық гимнаст әлем кубогында алтын жүлде алды

© Photo: пресс-служба НОК Казахстана / Сали Сабиров

Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде ат снаряды үстіндегі жаттығуда үздік шығып, алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Құрбанов бұл дисциплинада жалпы есепте 15.400 ұпай жинаған. 

Күміс медаль ирландиялық Рис Маккленаганге бұйырды. Үздік үштікті Тайбэй өкілі Шао Ю Ян түйіндеді.