28 нау, 2023 сағат 08:45

Данияны жеңген ұлттық құрама ойыншылары сыйақы алады

Фото: sport24.ru

Қазақстандық футболшылар Еуро-2024 іріктеуінде Данияны жеңгені үшін қаржылай сыйақы алады. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар-24.

Оның айтуынша, қазақстандық аяқдоп шеберлері үшін жанкүйерлер мен халықаралық сарапшылардың берген бағасы маңызды.

"Қаржылай сыйақыға келетін болсақ, бізге белгіленген сыйақы мөлшері бар. Алайда футболшылар үшін бұл жеңістің өзі – қандай да бір ақшадан қымбат. Себебі біздің команда үшін алдымен халықаралық сарапшылардың, әсіресе жанкүйерлеріміздің қолдауы мен берген бағасы маңызды" - дейді Магомед Адиев.