14 нау, 2018 сағат 10:52

Қазақстанда күн жылына бастайды

Қазақстанда 15-17 наурыз күндері жауын-шашын тоқтап, күн жылына бастайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Қарағанды облысындағы биіктік циклоны мен оған байланысты ауа ағындарының себебінен орталық, солтүстік және шығыс облыстарда қар, оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады. Бірақ республиканың батыс облыстарындағы суық антициклон жылжып, оның орнына бірте-бірте циклон орныға бастайды», - делінген хабарламада.

Солтүстік облыстарда 16-17 наурыз күндері, ал оңтүстікте 17 наурызда жауын-шашын тоқтайды, республика шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын үш күн бойы жалғасады. Батыс өңірлерде антициклонның шығысқа қарай жылжуынан күн жылынып, жауын-шашын болады. Өткен тәуліктерде түнгі ауа температурасы минус 20...28° төңірегінде болса, 16 наурызда минус 5-10 градусқа дейін көтеріле түседі, ал кейбір жерлерде тіпті 0°С та болады.