10 мам, 2023 сағат 12:13

Қазақстанда күн суытып, жаңбыр жауады

Фото: © Sputnik / Andranik Ghazaryan

Қазақстанда күн суытып, жаңбыр жауады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидромет РМК деректеріне сілтеме жасап.

Метеорологтар мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы оңтүстік циклонға байланысты болады, сонымен қатар, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

11-12 мамырда батыста, 12-13 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте, 13 мамырда республиканың орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша оңтүстік облыстарда жел күшейіп, шаңды дауыл болуы мүмкін.

"Республикада температуралық фонның төмендеуіне байланысты, солтүстік және шығыс облыстарда түнде 2 градусқа дейін аяз болатыны хабарланды. Күндіз еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы төмендейді. Цельсий градусы бойынша 5-15 градусқа дейін", - делінген хабарламада.