28 шіл, 2022 сағат 10:03

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 3 мыңнан аса адам тіркелді


Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 175 адам тіркелді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Осылайша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 341 265-ке жетті.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 915,
  • Алматы қаласында - 767,
  • Шымкент қаласында – 127,
  • Ақмола облысында – 104,
  • Ақтөбе облысында – 47,
  • Алматы облысында - 92,
  • Жетісу облысында - 123,
  • Атырау облысында - 73,
  • Шығыс Қазақстан облысында - 27,
  • Абай облысында - 48,
  • Жамбыл облысында - 94,
  • Батыс Қазақстан облысында - 56,
  • Қарағанды облысында - 355,
  • Ұлытау облысында - 30,
  • Қостанай облысында - 59,
  • Қызылорда облысында - 81,
  • Маңғыстау облысында - 40,
  • Павлодар облысында - 66,
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 41,
  • Түркістан облысында - 30. 

Сондай-ақ, 28 шiлдедегi мәлімет бойынша, қазір 22 748 адам коронавирус инфекциясынан (–22 556+ және 192 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 1 371 пациент стационарда, 21 377 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

25 адамның жағдайы ауыр,

14 пациенттің жағдайы өте ауыр,

7 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.