18 мам, 2026 сағат 13:56

«Полиция әйелін өлтірді»: Желідегі ақпараттан кейін полиция мәлімдеме жасады


Фото: Polisia.kz


Алматы облысы Балқаш ауданында әйелді көлік қағып, ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Ult.kz.


Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, 38 жастағы әйелді көлік қағып кеткен. Кейбір дереккөздерде рөлде оның күйеуі — полиция қызметкері болғаны айтылған.


Оқиғаға байланысты Алматы облыстық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады.


Полиция мәліметінше, әйелді қағып кеткен деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.


— Оқиға салдарынан әйел алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде, — деп хабарлады ведомство.


Сондай-ақ тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауына алынған.


Полиция өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.