Фото: arainfo.kz
Нұрғанат Қанат Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары – 140 балдың 140-ын жинап, абсолютті нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Ult.kz.
Тараз қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің түлегі осындай жетістігі үшін жекеменшік білім беру орталығынан ірі сыйлық ұтып алды. Енді ол бизнес-кластағы пәтер, Mercedes-Benz E-Class немесе 50 миллион теңгенің бірін таңдай алады.
Бұдан бөлек, түлекке төрт жыл бойы ай сайын 140 мың теңге көлемінде шәкіртақы төлеу қарастырылған. Ал оның ата-анасына 3 миллион теңге сыйақы беріледі.
Нұрғанаттың айтуынша, ол дайындық кезінде алдына нақты мақсат қойған.
"Менің мақсатым – жоғары балл жинау болды. Соған жеттім. Бұл – көпжылдық еңбектің, ата-анамның қолдауы мен ұстаздарымның сенімінің нәтижесі", – деді ол.
Айта кетейік, Ұлттық тестілеу орталығы мәліметінше, биыл ҰБТ-ға қатысу үшін 240 мыңға жуық талапкерден 446 мыңнан астам өтініш түскен. Тестілеу 10 шілдеге дейін жалғасады.
