18 мам, 2026 сағат 14:17

Павлордардағы зауытта материал опырылып, екі адам зардап шекті


Фото: Pavlodarnews.kz


Павлодар қаласындағы алюминий зауытында болған өндірістік оқиға салдарынан екі жұмысшы жарақат алды, деп хабарлайды Ult.kz.


Кәсіпорынның мәліметінше, №3 пештің кептіру алаңында тазалау жұмыстары кезінде ұзақ уақыт жиналып, қатып қалған материалдың бір бөлігі опырылып құлаған. Сол сәтте алаңда диірмен машинисі мен күйдіру цехының агломератшысы болған.


Оқиға салдарынан диірмен машинисінің оң аяғы сынып, ол ауруханаға жатқызылды.


Ал екінші жұмысшының оң аяғының жұмсақ тіндері зақымданып, оған амбулаториялық ем тағайындалды.