18 мам, 2026 сағат 16:51

Биыл 1-сыныпқа қабылдау жаңа тәртіппен өтеді


Фото: aikyn.kz


Қазақстанда 1-сыныпқа қабылдау жүйесі өзгеріп, құжат тапсыру кезең-кезеңімен жүргізіледі. Жаңа тәртіп Жұлдыз Сүлейменова мен Жаслан Мәдиев қол қойған бұйрық аясында пилоттық жоба ретінде енгізілді, деп хабарлайды Ult.kz.


Қабылдау 2026 жылғы 27 мамырдан 31 тамызға дейін жалғасады. Өңірлер бойынша басталу уақыты әртүрлі:


– 27 мамырдан (Астана және бірқатар облыстар);
– 10, 18 және 29 маусымнан басқа өңірлерде кезең-кезеңімен іске асады.


Жаңа жүйеге сәйкес, мектепалды даярлықтан өткен балалар ата-анасының өтінішімен автоматты түрде 1-сыныпқа қабылданады. Ал өтініш саны көбейген жағдайда, жүйе оларды «күту бөлмесіне» орналастырады.


Министрлік бұл өзгерісті оқу процесіне кедергі келтірмеу және қабылдау жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында енгізгенін мәлімдеді.