04 сәу, 2018 сағат 17:23

Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясының басшысымен кездесті

Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Кездесуде тараптар мұнай өндіру мен мұнайды қайта өңдеу саласындағы өзара ықпалдастықтың қазіргі мәселелері мен перспективаларын талқылады.

Мемлекет басшысы өткен жылдар ішінде екі тарап тығыз әрі өзара тиімді қарым-қатынас орнатқанын атап өтіп, бүгінде ынтымақтастықтың жаңа кезеңі басталғанын айтты.

«Сіздер оңай өңделетін мұнайдың әлемдегі ең терең әрі ірі кен орындарының біріне инвестиция құйып отырсыздар. Қазіргі таңда оны тасымалдау мәселелері шешілді. Бұл «Шеврон» компаниясының ең ірі активтерінің бірі екенін атап өткен жөн», - деді Елбасы.

 


Нұрсұлтан Назарбаев Майкл Уиртті қызметіне кірісуімен құттықтап, жауапты жұмысына табыс тіледі.

М.Уирт Қазақстан Президентіне құттықтағаны үшін алғыс айтып, екіжақты қарым-қатынастардың жемісті екенін атап өтті.