14 нау, 2018 сағат 08:02

Қарағандылық жас жігіт Қытай жатақханасында көз жұмды

Қарағандының он тоғыз жасар тұрғыны Чанжоу қаласындағы студенттер жатақханасында көз жұмды, деп хабарлады sputniknews.kz "Новый вестник" басылымына сілтеме жасап.

Валерий Катиев Қытайдағы жоғары оқу орындарының бірінде екінші курста оқыған. Екі апта бұрын ол Қарағандыда ата-анасының үйінде демалысын өткізіп, бірнеше күннен кейін Чанжоуға қайта оралған. Жатақханада ол досымен бірге тұрыпты. 

Ұлының қаза болғанын ата-анасы 12 наурызда естіген, алдын ала мәлімет бойынша, жігіт уланып қалған.  

"Бізге кеше кешке ұйқыға жатарда оның жағдайы нашарлағанын айтты. Таңертең тұра салысымен балконды ашқан. Досы оны төменге алып түсіп, сол жерде адамдар "жедел жәрдем" шақырған. Дәрігерлер Валерийдің өмірін ажалдан арашалап қала алмады", — деді марқұмның досы Анастасия Герасимова. 

Валерийдің әкесі 13 наурыз күні Қытайға жүріп кеткен. Қаза болған студент Ресей азаматтығын алғаны белгілі болды, сондықтан Қазақстанның СІМ мәйітті жеткізуге көмектесе алмайтындықтарын хабарлады.