30 мау, 2022 сағат 18:05

Қаңтар оқиғасын тергеу негізінен тәртіпсіздік пен терроризмге қатысты жүріп жатыр


Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу жұмысы негізінен жаппай тәртіпсіздік және терроризм актілері бойынша жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қылмыстық қудалау органдарымен қаңтар оқиғасының барлық себебі мен мән-жайын анықтау бағытында жұмыс жалғасып жатыр. Жұмыстың негізгі көлемі жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілерімен жүргізілуде. Істер бойынша мыңнан астам адам күдікті деп танылды. Әрқайсымен жауап алу, беттестіру, оқиға орнын нақтылау және басқа кешенді тергеу әрекеттері жүргізіледі», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның айтуынша, тек арнайы прокурорлардың істері бойынша 30 мыңнан астам тергеу әрекеті жүргізілген. 

Сараптама ұйымдарының өндірісінде үш мыңнан астам зерттеу бар.

«Бүкіл жұмыс қылмысқа әр қатысушысының рөлін анықтау, оның әрекеттерін объективті бағалау және заңды процестік шешім қабылдау үшін жасалады. Толық, объективті және жан-жақты тергеу жүргізу үшін қылмыстық қудалау органдары бүкіл күш-жігерін жұмсап жатыр», - деді Бас прокуратура өкілі.