16 қаз, 2018 сағат 08:51

Иманғали Тасмағамбетов РФ Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті

Фото: ru.sputniknews.kz

15 қазан күні Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары-статс – хатшысы Григорий Карасинмен кездесті. Бұл туралы ҚР-ның Ресей Федерациясындағы Елшілігінің ресми сайты хабарлады.

"Аталмыш кездесудің басты мақстаы – екі ел арасындағы байланыс. Жиын барысында екі тарап жоғары және жоғары деңгейдегі алдағы кездесулердің кестесін талқылады, сондай-ақ Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелері айтылды" дейді баспасөз өкілдері.

Айта кетсек, кездесу барысында Орталық Азия және Каспий аймақтарындағы ахуал да әңгімеге арқау болған. Алдағы уақытта екі елдің қарым-қатынасы үшін дәстүрлі достық кездесулер жиі болатыны айтылған.