02 қаз, 2018 сағат 15:22

Футбол: Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылған ойыншылар белгілі болды

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов УЕФА-ның Ұлттар лигасының қазан айындағы ойындарына шақырылған футболшылар тізімін жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан футбол федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, құрамаға 24 ойыншы кірді.

Қақпашылар: Ненад Эрич («Астана»), Владимир Плотников («Қайрат»), Дмитрий Непогодов («Тобыл»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко (бәрі де - «Астанадан»), Ғафуржан Сүйімбаев, Ян Вороговский, Нұралы Әліп (бәрі де - «Қайраттан»);

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан, Магамед Парагульгов, Георгий Жуков (бәрі де - «Қайраттан»), Бақтиер Зайнутдинов, Серікжан Мұжықов (екеуі де - «Астанадан»), Думан Нарзилдаев («Қайсар»), Еркебұлан Тұнғышбаев («Ордабасы»), Максим Федин («Тобыл»);

Шабуылшылар: Алексей Щеткин, Роман Мұртазаев (екеуі де - «Астанадан»), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Еркебұлан Сейдахмет («Уфа», Ресей).  

Қорғаушы Александр Соколенко («Қайрат») резервте.

Құрамаға «Астанадан» 10, «Қайраттан» 8 футболшы енген.

Жаңадан Қостанайдың «Тобылында» ойнайтын шабуылшы Максим Федин ғана шақырылған.

Айта кетейік, Ұлттар лигасы аясында қазақстандықтар 13 қазан күні Ригада Латвия құрамасымен кездеседі. Содан кейін 16 қазан күні «Астана Арена» стадионында Андорра футболшыларын қабылдайды. Елордадағы матчқа билеттерді www.ticketon.kz сайтынан онлайн түрінде де алуға болады.

Станимир Стоиловтың шәкірттері 6 қыркүйек күні Астанада Ұлттар лигасындағы Грузиямен алғашқы ойынында 0:2 есебімен есе жіберсе, содан соң сырт алаңда Андоррамен тең (1:1) тарқасқан болатын. Қазіргі кезде Қазақстан құрамасы D лигасының бірінші тобында ең соңғы орында келеді.