21 ақп, 2023 сағат 16:15

Фристайл-акробатика: Жанбота Алдабергенова әлем чемпионатының финалына шықты

Фото: Olympic.kz

Фристайл-акробатикадан Қазақстан командасының өкілі Жанбота Алдабергенова Бакурианиде (Грузия) өткен әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Біліктілік қорытындысы бойынша спортшы 84,10 балл жинап, сегізінші орынға ие болды.

Ал Аяна Жолдас 18-ші нәтижені көрсетіп, шешуші раундқа өте алмады.