06 мау, 2022 сағат 13:48

Есірткі трафигінің 9 халықаралық және 14 өңірлік арнасы жойылды - ҰҚК


Ұлттық қауіпсіздік комитеті сәуір және мамыр айларында Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің арнаулы қызметтерімен, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірлесіп, есірткіге қарсы 30-дан аса операция жүргізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Есірткі трафигінің 9 халықаралық және 14 өңірлік арнасы жойылды. Синтетикалық есірткі өндіретін 8 ірі жасырын зертхананың жұмысы тоқтатылды.

Арнайы операциялар барысында есірткі құрылымының 15 қатысушы ұсталды. Заңсыз айналымнан барлығы 223 кг есірткі, оның ішінде: 90 кг синтетикалық есірткі (270 мың «бір реттік мөлшерге» тең), 85.2 кг марихуана, 14 кг апиын, 4 кг гашиш алынды. Бұдан басқа, 800 экстази  таблеткасы, 500 түп «голланд» марихуанасы және психотроптық заттарды дайындауға арналған 4 тонна химиялық реагенттер айналымнан шығарылды" - делінген хабарламада.

2 ай ішінде алынған есірткінің «қара нарықтағы» жалпы сомасы 2.3 млрд. теңгеден астамға бағаланып отыр.

Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жалғасып жатыр.