Елордалық полицейлер суицид жасамақ болған әйелді құтқарды. Олар алтыншы қабаттағы балконнан секірмек болған әйелді іштен келіп ұстап үлгерді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
23 сәуір күні Нұр-Сұлтан қалалық ПД Жедел басқару орталығының 102 нөміріне тұрғындардан хабар түскен. Олар Д.Қонаев көшесіндегі тұрғын үйде бойжеткен 6-қабаттағы балконан секіріп кетпек болыр тұрғанын жатқанын жеткізген.
Оқиға орнына үш минуттың ішінде құрамында Патрульдік полиция полкінің инспекторы Берік Ақкөзов пен Фархад Түкенов бар полиция жасағы келді. Олар әйнекпен жабылған балконның сыртында аяғын төменге салып секірмек болып отырған әйелді көреді.
Олар күйзелісте тұрған адамды сөзге тартады. Фархад Түкенов тыста қалып, әйелді мұндай ағат қадамға бармауға көндіре бастайды. Екінші қызметкер алтыншы қабатқа көтеріліп, көп уақыт жоғалтпай есіктің құлпын бұзып ішке пәтерге кіріп үлгереді.