Елордада дезинфекциялау шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала әкімдігіне сілтеме жасап.
11 мамырдан бастап қала тұрғындарына барлық санитарлық ережелерді қатаң сақтап, саябақтарға, алаңдар мен скверлерге баруға рұқсат етілді. Осыған орай жоғарыда аталған орындардың аумағында күшейтілген дезинфекция жасалып жатыр.
Тұрғындар әлеуметтік қашықты қатаң сақтауы, маска киюі, топтанып жиналмауы тиіс. Елорданы өңдеу бірнеше кезеңде жүргізіледі.
Қазір барлығы 20 млн шаршы метрден астам аумақ дезинфекцияланды. Дезинфекция жаяу және арнайы машиналар көмегімен жүргізіледі. Сондай-ақ әлеуметтік нысандар, базарлар, сауда-ойын сауық орталықтары, аулалар, балалар алаңдары, үйлердің кіреберістері және адамдар көп жиналатын басқа да орындар күшейтілген режимде өңделуде.