06 сәу, 2018 сағат 10:37

Еліміздің 11 облысында дабылды ескерту жарияланды

Күн жылынып, қардың жылдам еруіне және жаңбыр жаууына байланысты су тасқыны болуы мүмкін. "Қазгидромет" РМК еліміздің 11 облысы мен Алматы қаласында дабылды ескерту жариялады.

7-8 сәуірде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында ауа температурасы жоғарылап, жауын-шашын түсуіне байланысты қар жылдам еріп, су деңгейі көтеріліп, өзендер арнасынан асады деп болжануда.   

7-8 сәуірде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында жылы ауа температурасының сақталуына және жауын-шашынға байланысты қар жылдам еріп, су деңгейі көтеріліп, өзендер арнасынан асып, су басады деп болжануда.   

7-8 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында жылы ауа температурасының сақталып, жауын-шашын түседі деп болжануда, осыған байланысты су деңгейі көтеріліп, жайылу қаупі туындап отыр.  

7-8 сәуірде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында жаңбыр жауады деп болжануына байланысты қар еріп, өзендердің деңгейі көтеріліп,  су басады деп болжануда.