18 шіл, 2022 сағат 12:32

Елден 8 млн долларды заңсыз әкетпек болған — ҰҚК


Қазақстанда жыл басынан бері 8 миллион доллар ақша алып шығу әрекеті әшкере болды, - деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі.

"Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы" 14 наурыздағы №830 Жарлығын іске асыру шеңберінде "Алматы" шекаралық бақылау басқармасы Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен биылғы жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасынан 8 миллионнан аса АҚШ долларын әкетудің жолын кесті", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты шекара қызметі азаматтарға «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын сомада шетел валютасын әкетуге тыйым салынғанын хабарлайды.