Фото: Polisia.kz
Екібастұзда полиэтилен қапшықтан адамның мәйіті табылды. Полиция жеке басын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"24 сәуірде Екібастұзда Нұралин көшесіндегі ескі зиратқа кіреберісте (еріген суларда) полиэтилен қапшықтан адамның мәйіті табылды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша соталды тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Павлодар облысының ПД өкілдері адамның жеке басын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды.
Оның үстінде "Челси" футбол командасының эмблемасы бейнеленген Adidas фирмасының көк түсті футболкасы, Nike фирмасының эмблемасы бар қара түсті спорт шалбары, сұр жолақтары бар қара түсті күртеше және қара түсті шұлықтар бар", - делінген хабарламада.