Фото: euroua.com
АҚШ президенті Джо Байден коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz.
Байден өз резиденциясында оқшауланғаны, бірақ жұмысын жалғастыратыны хабарланды. АҚШ президенті әкімшілігінің хаттамасына сәйкес, мемлекет басшысы COVID-19-ға тапсырған сынама теріс нәтиже көрсеткеннен кейін ғана әдеттегі жұмыс форматына орала алады.
"Ол вакцинация курсынан толық өткен, екі рет ревакцина алған және симптомдары жеңіл", - деді Ақ үй өкілдері.